Әлем

Душанбеде ВИЧ жұқтырды деген күдікпен 10 адам ұсталды

Сурет: ЖИ көмегімен жасалды

Душанбе қаласында полиция ВИЧ инфекциясын басқа адамдарға қасақана жұқтырды деген күдікпен 10 адамды ұстады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олардың әрекетінен 60-тан астам адам зардап шегуі мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері елорда полициясы ВИЧ инфекциясын басқа адамдарға жұқтырды деген күдікпен 10 адамды қолға түсірген. Күдіктілерге қатысты қылмыстық істер қозғалып, материалдар соттың қарауына жолданды.

Егер олардың кінәсі сотта дәлелденсе, күдіктілер 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, шілде айының соңында БҰҰ ВИЧ-пен күрес бағдарламаларын қаржыландырудың қысқаруы жаңа инфекциялар санының өсуіне әкелуі мүмкін екенін ескертті. Ұйым мұндай жағдай соңғы бірнеше онжылдықта қол жеткізілген нәтижелерге қауіп төндіретінін мәлімдеді.

Айта кетейік, Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінгенін хабарлаған едік. Бұған дейін Газа секторында желшешек пен тері инфекцияларына шалдыққандар саны күрт артқаны жарияланды. Сондай-ақ Еуропада өте жұқпалы инфекция жаппай тарай бастағаны хабарланды.

Көп оқылғандар