Сурет: Sipa USA/ТАСС
Дамаскіде Франция президенті Эммануэль Макрон тоқтаған қонақүйдің маңында жарылыс болды. Елисей сарайы президенттің зардап шекпегенін хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Эммануэль Макрон дүйсенбі күні бірнеше француз кәсіпкерімен бірге Сирия астанасына барды. Бұл – Таяу Шығыс елінде билік ауысқаннан кейін Франция президентінің батыс елдері көшбасшылары арасынан Сирияға алғаш рет жасаған сапары.
Куәгерлердің айтуынша, Макрон таңертең президент сарайына келіссөздер жүргізуге кеткеннен кейін, Дамаск қаласының орталығындағы қонақүйге жақын жерден қою түтін көтерілген.
Қауіпсіздік қызметіндегі дереккөздің мәліметінше, жарылғыш құрылғылардың бірі қоқыс жәшігіне, ал екіншісі Four Seasons қонақүйінің маңындағы автокөлікке қойылған.
Le Figaro басылымының хабарлауынша, жарылыс болған орындарға сиреналары қосылған жедел жәрдем көліктері жеткен. Қауіпсіздік күштері аталған ауданға апаратын көшелерді қоршауға алған.
Қазіргі уақытта Макрон Сирияға сапарын жоспарға сәйкес жалғастырып жатыр.

