Сурет: Egemen Qazaqstan
Оқу-ағарту министрлігі мектептердегі БЖБ (бөлім бойынша жиынтық бағалау) мен ТЖБ (тоқсандық жиынтық бағалау) жүйесінен біртіндеп бас тартуды жоспарлап отыр. Орнына бақылау жұмыстары енгізілмек, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, бұл өзгеріс оқушылардың жүктемесін азайтып, білім сапасын арттыруға бағытталған. Қазіргі БЖБ мен ТЖБ жүйесі сынға ұшырап, көптеген ата-ана мен мұғалім оны шамадан тыс деп санайды.
«Біз бақылау жұмыстарын енгізу арқылы балалардың білімін нақты әрі әділ бағалауды көздейміз. Бұл жүйе біртіндеп, сыныптар бойынша жүзеге асады», — деді министр.
Жаңа жүйе қай сыныптардан бастап қолданылатыны әлі нақтыланбаған. Дегенмен, министрлік алдағы оқу жылында пилоттық режимде бірнеше мектепте сынақтан өткізуді жоспарлап отыр.

