Categories Жайық news

БҚО: Казталов ауданындағы әлеуметтік нысандардың құрылысы пысықталды

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мирас Мүлқай жұмыс сапары аясында Казталов ауданында салынып жатқан бірқатар маңызды әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын тексерді.

Алдымен ол Казталов ауданы орталығында бой көтеріп жатқан көпбейінді ауданаралық аурухана құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстары биылғы қазан айында басталған. Қазіргі уақытта мердігер компания мамандары нысанның іргетасын құюға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мирас Рүстемұлы құрылыс алаңына барып, мердігер өкілдерімен кездесіп, жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы қажеттігін қадап айтты.

Жаңа көпбейінді ауданаралық аурухана тек Казталов ауданының ғана емес, сондай-ақ Жәнібек, Бөкей Ордасы және Жаңақала аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетпек. Нысанның пайдалануға берілуі өңірдегі медициналық қызмет сапасын жақсартып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.

Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары Беспішен – Қошанкөл – Қараоба бағытындағы күре жолдың күрделі жөндеу жұмыстарын да бақылап қайтты. Қазіргі таңда алғашқы 15 шақырымнан кейінгі 25 шақырымдық учаскеде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Сурет: БҚО әкімдігі

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…