Сурет: Жайық Пресс
Батыс Қазақстан облысында Битик және Жалпақтал су қоймаларын салу жобалары мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазсушаруашылығы» РМК Батыс Қазақстан филиалы директорының міндетін атқарушы Данияр Халин мен Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Қанат Өтеғалиев облыстағы вегетациялық кезеңнің қорытындысын шығарған кезде мәлім болды.
