Сурет: Жайық Пресс
Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті 653 адамның бұзылған құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында департамент басшысы Мұрат Байсалов мәлімдеді. Мемлекеттік қызмет сапасын бақылау барысында 43 мыңнан астам бұзушылық анықталған.
Мониторинг нәтижесінде 264 мемлекеттік қызметшіге тиесілі демалыс уақыты беріліп, құқықтары қалпына келтірілді. Сондай-ақ заңнаманы бұза отырып салынған тәртіптік жазалар үш жағдайда күшінен қайтарылды.
– Одним из основных направлений деятельности департамента является защита и восстановление прав граждан и государственных служащих. По результатам мониторинга восстановлены права 264 государственных служащих, которым предоставлено время отдыха, – сообщил Мурат Байсалов.
Спикердің айтуынша, жекелеген мемлекеттік органдарда қызметшілерге тиесілі бонустар төленбеген. Департаменттің шараларынан кейін 23 мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы 217 мың теңге бонус төленді.
– В отдельных государственных органах выявлены случаи невыплаты государственным служащим причитающихся им бонусов. В результате принятых департаментом мер 23 государственным служащим выплачены бонусы на общую сумму 217 тысяч теңге, – рассказал руководитель департамента.
Мысалы, Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының қызметшісіне бағалау парағының бес өлшемі бойынша тиесілі бес балдың орнына төрт балл қойылған. Кемшілік жойылып, қызметшіге 22 515 теңге төленді. Керісінше жағдай Бәйтерек ауданы әкімі аппаратында тіркелді: тәртіптік жазасы бар қызметшіге бағалар 2,99 балдан аспауы тиіс болса да, төрт балл қойылған. Бұзушылық жойылып, 11 236 теңге бюджетке қайтарылды.
Сонымен қатар еңбек демалысы ақысын төлеу мерзімдері де сақталмаған. Талдау нәтижесінде 96 мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы 44 млн теңге демалыс ақысы белгіленген мерзімнен кеш төленгені анықталды. Департамент шараларынан кейін жергілікті атқарушы органдардың 153 қызметшісіне жалпы сомасы 13,5 млн теңге іссапар шығыны өтелді.
– В отдельных случаях командировочные расходы госслужащим возмещались лишь через месяц после возвращения из командировки, а иногда и через три месяца. Такие случаи представляют собой существенное нарушение прав государственных служащих, поскольку вынуждают их использовать собственные средства для покрытия служебных расходов, а также создают коррупционные риски, – отметил Байсалов.
Есепті кезеңде департамент 653 адамның бұзылған құқығын қалпына келтіруге қол жеткізді. Тексеру қорытындысы бойынша 59 адамның, өтініштерді қарау нәтижесінде жеті адамның құқығы қорғалды, тағы 587 жағдай аналитикалық жұмыспен байланысты. Департаментке мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша 348 өтініш түсіп, оның 20-сы бойынша өтініш берушілердің дәйектері толық немесе ішінара расталды.
Бақылау тек мемлекеттік қызметшілерді қорғауға бағытталмаған. Ол кәсіпкерлерге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда өз құқықтарын қорғауға да көмектеседі. Мәселен, департаменттің араласуынан кейін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы «Алим» жеке кәсіпкеріне туристік қызмет нысандарын салу мен реконструкциялауға жұмсалған шығынның бір бөлігін өтеу ретінде 20 млн теңге төледі.
Мазмұнға өту
