Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Бөкей ордасы ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, адалдық құндылықтарын дәріптеуге және жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған «Таза тақта» атты аудандық шахмат турнирі ұйымдастырылды.
Іс-шараға ҚР Мемлекетті қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы М.Байсалов, Бөкей ордасы ауданының әкімі Н.Даумов, мемлекеттік қызметшілер, жастар және аудан тұрғындары қатысты.
Турнирдің мақсаты — жастар арасында адалдық, әділдік, заңға құрмет қағидаттарын насихаттау, стратегиялық ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, логикалық ойлау қабілеті мен спорттық мәдениетін көрсетті. Сонымен қатар, адал бәсекелестік, жауапкершілік және азаматтық ұстаным құндылықтарын дәріптеуге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Турнир қорытындысы бойынша Департамент басшысы М.Байсалов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.
Іс-шара соңында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға, ұлттық зияткерлік ойындарды дәріптеуге және адалдық қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған мұндай бастамалардың алдағы уақытта да жалғасатыны атап өтілді.


Мазмұнға өту
