Сурет: BILD
Бельгияның Дендермонде қаласындағы бұрынғы сыра зауытының іргетасынан пластик пакетке оралған монеталар мен алтын құймалары аршылып алынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Құнды жәдігерлерді биыл құрылыс алаңында жұмыс істеп жүрген 18 жастағы Коби есімді жігіт тапқан. Ол De Brand компаниясының әріптестерімен бірге кәріз жүйесін тарту кезінде демонтаж жұмыстарын жүргізіп, іргетасқа тап болған.
«Құбырларды төсеу үшін белгілі бір тереңдікке дейін жетуіміз керек болды. Сондықтан қабырғаны бұздық. Кейін ол жерде бұрын жертөле болғанын, бірақ оның кейіннен кірпішпен қаланғанын білдік. Алтын сейфте емес, қабырғаның ішінде болған», деді Коби.
Оның айтуынша, құрылысшылар бірден полицияға хабарласқан. Енді олар сыйақы алудан үмітті. Құны 9 миллион еуроға бағаланған алтын көмбенің қайдан шыққаны және мүлік иесінің бұл қазына туралы білген-білмегені әзірге белгісіз. Қазір Бельгия полициясы алтынның заңды иесін анықтауға тырысып жатыр.
Айта кетейік, Қызылорда облысында алтынды заңсыз өндірген қылмыстық топ ұсталды.
Мазмұнға өту
