Батыс Қазақстан облысында «Әділет» партиясының өңірлік штаб өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл жолы Орал тұрғындарын мейілінше көп қамту мақсатында кездесу халық жиі демалатын қалалық мәдени-демалыс саябағында кешкі мезгілде ұйымдастырылды.
Шара барысында өңірлік штаб мүшелері мен ерікті жастар саябақта тынығып жүрген тұрғындармен жүзбе-жүз тілдесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндірді. Сондай-ақ азаматтарға ақпараттық материалдар таратылып, алдағы Құрылтай сайлауының маңызы айтылды.
Ашық алаңда әрі жайлы атмосферада өткен кездесуде турғындар өкілдермен еркін пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Акцияға өңірлік штаб төрағасы Бауржан Бектұрған, Құрылтай сайлауына кандидат Мұратбек Мұхамбедиев, штаб мүшесі Рустам Шайхиев пен белсенді жастар қатысты.
Штаб өкілдерінің хабарлауынша, азаматтармен кері байланысты күшейтуге бағытталған мұндай ашық форматтағы кездесулер мен үгіт-насихат материалдарын тарату жұмыстары бұдан әрі де халық көп шоғырланатын орындарда жиі өткізіліп тұрмақ.


Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров
Мазмұнға өту
