Әлем

Бангладеште қызылша індеті: 786 бала қайтыс болды

Сурет: Анадолы

Бангладеште наурыз айының ортасынан бері жалғасып келе жатқан қызылша індеті салдарынан соңғы тәулікте тағы 5 бала көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Наурыз айының ортасынан бері қызылша жұқтырды деген күдікпен қайтыс болғандар саны 786-ға жетті, ал зертханалық расталған өлім жағдайлары 99-ды құрады. Соңғы тәулікте қызылшаға күдік тудырған 941 науқас тіркеліп, ел бойынша мұндай жағдайлардың жалпы саны 139 125-ке жетті.

Бангладеш үкіметі қызылшаға күдікпен ауырған көптеген баланың қайтыс болуына байланысты 7 сәуірде шұғыл вакцинациялау науқанын бастауды ұйғарды.

Пневмония мен энцефалопатияға әкелуі мүмкін қызылша – уақтылы вакцинациялау арқылы алдын алуға болатын, әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі.

Айта кетейік, биыл сәуір айында елімізде қызылша жұқтыру көрсеткіші 30%-ға төмендеді.

Көп оқылғандар