Әлем

Балтық елдеріндегі жойқын дауыл: 100 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

Сурет: facebook.com/Latvianfirefighters

Сенбі және жексенбі күндері Латвия, Литва және Эстонияда желдің екпіні секундына 30 метрден асты. Осы дауыл салдарынан екі адам қаза тауып, 100 мыңнан астам үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

DW Telegram-арнасының мәліметінше, қаза тапқандардың бірі — литвалық, оған ағаш құлаған. Екіншісі Латвияның Елгава қаласында ғимарат қирандылары астында қалып, опат болған.

Көптеген тұрғын құлаған ағаштардан зардап шекті. Латвияда 14 адам медициналық көмекке жүгінді.

Дауыл электрмен жабдықтау жүйесінде ақаулар тудырды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Латвияда 250 мыңнан астам, Литвада 150 мыңнан астам, ал Эстонияда 3,5 мыңға жуық үй шаруашылығы жарықсыз қалды.

Нөсер бірнеше аймақта су тасқынына себеп болып, жол қозғалысының, теміржол қатынасының және теңіз тасымалының іркілуіне әкелді.

Көп оқылғандар