Қоғам

«Бәйтерек» ұлттық холдингінің директорлар кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

Сурет: Egemen Qazaqstan

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің жаңа құрамы бекітілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа құрамға 10 адам енді. Олардың қатарында Премьер-министр Олжас Бектенов, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Налибаев, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қаржы министрі Мәди Такиев және холдинг басқармасының төрағасы Рустам Қарағойшин бар.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің экономиканың нақты секторын қолдау мен инвестиция тартудағы рөлін күшейтуді тапсырған болатын. Алдағы жылдары холдингтің капиталын 1 трлн теңгеге ұлғайту жоспарланып отыр.

Көп оқылғандар