Әлем

Ауғанстанда 3,7 млн бала аштық қаупінде тұр

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ауғанстанда балалар арасындағы дұрыс тамақтанбау мәселесі алаңдатарлық деңгейге жетті. Елдің 12 провинциясында қатты әлсіреген балалардың ауруханаға түсу жағдайлары көбейген. Олардың 80 пайызы екі жасқа толмаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

БҰҰ ескертуінше, халықаралық көмек көрсетілмесе, жыл соңына қарай Ауғанстанда төрт миллионға жуық бала жіті жеткіліксіз тамақтанудан зардап шегуі мүмкін.

Миллиондаған ауғандық бала аштық алдында тұр. Дәрігерлердің айтуынша, бұл жағдайдың қауіптілігі – бала ағзасы қоректік заттар жетіспеген кезде өзін-өзі іштен бұза бастайды.

БҰҰ мәліметінше, биыл Ауғанстандағы балалардың салмақ жоғалту көрсеткіші 75 пайызға артқан. Мамандар бұл көрсеткішті аса қауіпті деңгей деп бағалап отыр.

Көп оқылғандар