Қоғам

Ауа райына байланысты республикалық жолдарда қозғалыс шектеледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

2026 жылғы 14 қараша сағат 00:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше автожолда жазғы дөңгелектермен жүретін көліктердің барлық түріне қозғалыс шектеуі енгізіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Шектеу «Қостанай — Мамлютка» жолының 180–250 шақырымында (Қостанай облысының шекарасы — Мамлютка қ.), «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай (айналма жолымен) — РФ шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)» жолының 683–729 шақырымында (Сарыкөл қ. — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы), «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» жолының 552–595 шақырымында (Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы — Сұрған қ.), «Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы (Бидайық өткізу пункті)» жолының 2–50 шақырымында (Көкшетау қ. — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы), «Көкшетау — Рузаевка» жолының 0–61 шақырымында (Көкшетау қ. — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы), «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» жолының 407–346 шақырымында (Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы — Жақсы қ.) және «Астана — Көкшетау (айналма жолымен) — Петропавл — РФ шекарасы» жолының 304–341 шақырымында (Гранитный а. — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы) қолданылады.

Жолдарды 2026 жылғы 14 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған. Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығынан тәулік бойы алуға болады.

14–16 қараша аралығында елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Тек Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Көп оқылғандар