Categories Жайық news

Атырау әкімі Шәкір Кейкин Алмалы округі тұрғындарымен кездесті

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин Алмалы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Жиында қала басшысы алдымен округте атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, негізгі жобалардың барысын түсіндірді. Кейін тұрғындар жаяу жүргіншілер жолдарын төсеу, қоғамдық көліктерді көбейту, денсаулық сақтау қызметінің сапасын жақсарту, ауылды абаттандыру және жазғы су желісіне қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Шәкір Кейкин әр ұсыныстың заң аясында кезең-кезеңімен қарастырылып, шешімін табатынын атап өтті. Кездесу Алмалы ауылдық округі әкімдігінің ресми әлеуметтік желі парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

сурет: Атырау әкімдігі

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…