Астаналық тұрғын Қорғаныс министрлігіне қарсы сот ісінде жеңіске жетті

Сурет: istockphoto.com

Астаналық тұрғын Қорғаныс министрлігіне қарсы сотта жеңіп шықты. Ол министрліктің қызметтік тұрғын үйді жалдау шартын ұзартудан бас тартуына байланысты сотқа жүгінген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың мәліметінше, талапкерге 2009 жылы қызметтік пәтер берілген. 2025 жылы ол жалдау шартын ұзартуға өтініш білдірген. Алайда кәмелетке толған қызының атында тұрғын үй рәсімделгеніне байланысты өтініші қабылданбаған.

Сот кәмелет жасына жетіп, бөлек тұратын балалардың жеке мүлкі қызметтік баспана беру шартының өзгеруіне себеп бола алмайтынын мәлімдеді.

«Сот талапкердің кәмелетке толған балалары бөлек тұрып, дербес шаруашылық жүргізетінін анықтады. Сонымен қатар бөлек тұратын кәмелетке толған отбасы мүшесінің меншігінде тұрғын үй болуы қызметтік тұрғын үйді жалдау шартын ұзартудан бас тартуға автоматты түрде негіз бола алмайды», делінген хабарламада.

Осылайша сот бас тартуды заңсыз деп танып, жауапты органға істі қайта қарауды міндеттеді.

Ұқсас жазбалар

Президент бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, ол жарлықтың орындалу…

Президент Ішкі істер министрінен қылмыс ахуалы туралы есеп тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдап, елдегі криминогендік ахуал мен ведомство жұмысы…

Астанадағы Триатлон саябағында балалар алаңы өртенді

Астананың Алматы ауданындағы Триатлон паркінде балалар алаңы өртеніп, өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумақты шарпыған…