Categories Жайық news

Астанадан шығатын жолдар жабылды: -30 градус аязға байланысты ескерту жасалды

Астанада ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қоғамдық көліктер мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қаладан шығуына тыйым салынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы елордалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге алыс жолға шықпауға кеңес берілді.

«20:00-ден бастап ауа райының нашарлауына (ауа температурасының -30°C дейін төмендеуі) байланысты Астана қаласынан барлық бағыт бойынша дизель отынымен жүретін және қоғамдық көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді», – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, CTS көлік компаниясы қала маңына қатынайтын № 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 327, 328, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…