Сурет: Видеодан алынған кадр
Астананың Алматы ауданындағы Триатлон паркінде орналасқан балалар алаңында өрт шықты. Әлеуметтік желілерде өрт сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бейнежазбадан оттың ойын құрылғысын толықтай дерлік шарпығаны байқалады. Қала тұрғындары алаңның жойылғанына өкініш білдірді.
Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өртті сөндіру барысы туралы мәлімдеді.
«Бүгін таңертең 112 нөміріне Астананың Алматы ауданындағы Триатлон паркінің аумағындағы алаңда өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 6 минут ішінде жеткен өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумақты шарпыған өртті толық сөндірді», — делінген хабарламада.
Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

