Астанада тұрғын үйде шыққан өрт кезінде құтқарушылар газ баллонының жарылу қаупін сейілтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға бүгін таңертең елорданың көпқабатты үйлерінің бірінде болды. Өрт бір пәтердің асүйінде шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.
«Газ баллоны қатты қызған еді, бірақ біз оны дер кезінде сыртқа алып шықтық. Өрттің таралуына да жол бермедік», — деді құтқарушылар қызметінің өкілі.
Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

