Қоғам

Астанада жол апатынан кейін қашқан жүргізуші 30 тәулікке қамалды

Сурет: ашық дереккөз

Астанада жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды. Бұрын көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылған ер адам тыйымға қарамастан Chery көлігін қайта басқарған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мәңгілік Ел көшесінде келе жатқан жүргізуші BYD автокөлігімен соқтығысып, артынша жолдан қашып кеткен. Полиция құқық бұзушыны тауып, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сот оны 30 тәулікке қамауға алды.

Бұған дейін Астанада көпірде ереже бұзған жүргізуші жазаланғаны хабарланған. Сондай-ақ, қалада көпшілік серуендейтін орынға көлікпен кірген жүргізуші де жазаға тартылды.

Көп оқылғандар