Қоғам

Tarlan Astana-мен күніне орта есеппен 73 мың адам жүреді

Сурет: Астана қаласының әкімдігі

Астанадағы Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігі тәулігіне орта есеппен 73 мың жолаушы тасымалдайды. Бұл туралы елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Мадияр Тұқпатов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, LRT іске қосылғаннан бері пойыздар 8 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсеткен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 10 миллионға жеткізу жоспарланып отыр.

«Қазіргі уақытта орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 73 мың жолаушыны құрайды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 10 миллионға жеткізу жоспарланып отыр», деді Мадияр Тұқпатов.

Еске сала кетейік, жеңіл рельсті көлік жүйесі 16 мамырда іске қосылды. Бұған дейін Астанадағы Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылғалы бері 500 миллион теңгеден астам табыс тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Көп оқылғандар