Басты тақырып

Астанада тұрғын үй кешенінен 32 адам құтқарылды

Сурет: ТЖМ

Астана қаласы Сарайшық көшесіндегі тұрғын үй кешенінің автотұрағында электр сымдары мен автокөлік шиналары өртенді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Өрт орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары ғимараттан 32 адамды, оның ішінде 13 баланы құтқарды.

Адамдар қауіпті аймақтан шығарылып, өрт толығымен сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің әсерінен 4 автокөлік зақымданған.

Бұған дейін Астанада қонақүй-монша кешенінің шатырынан өрт шығып, ғимараттан 60 адам эвакуацияланған еді.

Көп оқылғандар