Сурет: ашық дереккөз
Астанада жылу желілеріндегі сынақ жұмыстарына байланысты бірқатар үйде ыстық су уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдіктің мониторинг және жедел әрекет ету орталығының мәліметінше, шектеу негізінен елорданың оң жағалауындағы 40-қа жуық көшені қамтиды. Бұл аумақтарда ыстық су 7 қыркүйек сағат 00:00-ден 10 қыркүйек сағат 23:59-ға дейін болмайды.
Сонымен қатар, 7 қыркүйекте Астананың оң және сол жағалауындағы 70 көшеде электр энергиясы уақытша өшіріледі. Жарық әр мекенжайда әртүрлі уақытта – сағат 08:30-дан 10:30-ға дейін, 16:00-ге дейін, 16:30-ға дейін немесе 09:00-ден 16:30-ға дейінгі аралықта сөндіріледі.
Электр желілеріндегі шектеулерге күрделі жөндеу, ағаштарды бұтау, техникалық қызмет көрсету және электр желілерін қайта құру жұмыстары себеп болған. Бұған дейін 7 қыркүйекте елордада газ да уақытша өшірілетіні хабарланған болатын.
