Сурет: gov.kz
Астанада 29 жастағы ер адам танысының көлігін сатып жібергені үшін ұсталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ол жақын танысының сеніміне кіріп, ақ түсті Toyota Camry көлігін арзан бағаға сатып жіберген. Қазір Астана қаласы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Күдікті көлікті сатар алдында оның иесі басқа адам екенін айтпаған. Ол автокөлікті 11,5 млн теңгеге сатқан. Көлігін таба алмаған жәбірленуші полицияға хабарласқан, содан кейін күдікті анықталып, ұсталған.
Қазір ол алаяқтық жасады деген баппен уақытша ұстау изоляторына қамалған.
