Басты тақырып

Астанада кран құлап, бір адам қаза тапты

Сурет: Depositphotos.com

Елордада мұнара краны құлап, бір адам қаза тауып, тағы екі жұмысшы зардап шекті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құрылыс кранының құлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Оқиға салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тапты, екі зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», делінген хабарламада.

Қазір полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Көп оқылғандар