Сурет: Астана әкімдігі
3 қыркүйекте сағат 20:00-де Астанада әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиастың концерті өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, көрермендерге қолайлы болу үшін сол күні қосымша шаттл-маршруттар іске қосылады.
Арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап жүре бастайды. Олар қаланың төрт нүктесінен жолаушыларды «Астана Арена» стадионына жеткізеді, сондай-ақ концерт аяқталған соң да қайта тасымалдайды.
Шаттл-маршруттар Астана циркі, «Әзірет Сұлтан» мешіті, Қажымұқан көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешені және «Нұр-Сұлтан» мешіті (Бас мешіт) жанындағы автотұрақтан жүреді.
Автобустар концертке дейін де, одан кейін де екі бағытта қатынайды.
Сонымен қатар, көрермендер «Тарлан Астана» жеңіл рельсті көлік жүйесін пайдалана алады. Бұл көлік түрімен де концерт өтетін орынға жетуге болады.
