Қоғам

Астанада дүйсенбіде бірнеше көшеде газ уақытша өшіріледі

Сурет: ашық дереккөз

7 қыркүйекте Астананың бірқатар көшесінде жоспарлы жұмыстарға байланысты газ беру уақытша тоқтайды. Газсыз қалатын тұрғындарға сыртқы газ крандарын жабу қажет, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының мәліметінше, газбен жабдықтау сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеледі.

Газ беру мына көшелерде тоқтатылады:

Аталған көшелердің тұрғындарынан үйге газ құбыры кіретін жердегі сыртқы газ крандарын жауып қою сұралды.

Жоспарлы жұмыстар аяқталғаннан кейін газ берудің қайта басталатыны туралы абоненттерге қосымша хабарлама жіберіледі.

Жұмыстар толық аяқталғанға дейін сыртқы газ крандарын өз бетінше ашуға болмайды. Бұл газ есептегіштері мен газ жабдықтарының зақымдалуына әкелуі мүмкін.

Газға қатысты мәселелер бойынша «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның авариялық-диспетчерлік қызметіне хабарласуға болады: 8 (7172) 55-89-76, WhatsApp: +7-705-597-0204.

Көп оқылғандар