Сурет: Ашық дереккөз
Астанада Абай даңғылында жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
17–25 шілде аралығында А.Сембинов көшесінен А.Пушкин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс кезең-кезеңімен шектеліп, жолақтардың бір бөлігі жабылады.
Жүргізушілерге кептелістерді болдырмау үшін бағытты алдын ала жоспарлау ұсынылады. Жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған учаскеде уақытша жол белгілері мен бағыттағыштар орнатылады.
