Саясат

Астана аудандарының шекарасы нақтыланды: өзгерістер қандай?

Сурет: ашық дереккөз

Астанада әкімшілік аудандардың шекарасы қайта нақтыланды. Қалалық мәслихат тиісті өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шешім қаланың нақты аумағы мен мемлекеттік жер кадастрындағы мәліметтерді сәйкестендіру қажеттілігінен туындаған. Қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, мамандар шекараларды нақтылау жұмыстарын жүргізген. Кейбір учаскелерде шекара өзен арнасы арқылы өткендіктен, олар қайта қаралған.

Нәтижесінде елорда аудандарының аумағы өзгерді: Алматы ауданы 106 гектарға қысқарып, 8 518 гектардан 8 412 гектарға дейін азайды; Есіл ауданы 87 гектарға ұлғайып, 20 431 гектардан 20 518 гектарға жетті; Сарыарқа ауданы 369 гектарға ұлғайып, 6 775 гектардан 7 144 гектар болды; Нұра ауданы 411 гектарға қысқарып, 18 927 гектардан 18 516 гектарға дейін азайды; Байқоңыр ауданы 61 гектарға ұлғайып, 18 129 гектардан 18 190 гектарға жетті.

Мәслихатта атап өткендей, бұл өзгерістер жер кадастрындағы мәліметтерді жаңартып, аудан шекараларын нақты жағдайға сәйкестендіру үшін қажет.

Көп оқылғандар