Жайық news

Астана әуежайында күтіп алды: Сербия президенті Қазақстанға не үшін келді?

Сербия президенті Александр Вучич Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Астана әуежайында мәртебелі мейманды Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов күтіп алды.

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер өтеді. Тараптар екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарын талқылайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Көп оқылғандар