Басты тақырып

Астана әуежайында бомба туралы әзіл айтқан шетелдік рейстен түсірілді

Сурет: gov.kz

Астана әуежайында ұшу алдындағы рәсімдер кезінде өзінде жарылғыш құрылғы бар деп әзілдеген шетел азаматы рейске жіберілмеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Авиациялық қауіпсіздік қызметі мен көлік полициясы қауіпсіздік талаптарына сәйкес шаралар қабылдады. Жолаушыға қатысты тексеру жүргізіліп, ол рейстен түсірілді.

Оқиғаның мән-жайы құзыретті органдардың қарауына берілді. Әуежайларда жарылғыш заттар туралы кез келген мәлімдеме, тіпті әзіл болса да, ықтимал қауіп ретінде қабылданып, міндетті тексеруді талап етеді және заңдық салдарға әкелуі мүмкін.

Бұған дейін Алматы – Ақтау рейсінде «бомба бар» деп әзілдеген жолаушы ұшақтан түсірілген болатын.

Көп оқылғандар