Жайық news

Арқалықта қыздың өліміне қатысты тергеу басталды: полиция мәлімдеді

Сурет: Aikyn.kz

Арқалықта қайтыс болған қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қыздың өлімінің мән-жайы анықталуда. Қосымша ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Құқық қорғау органдары сараптамалар тағайындап, куәлардан жауап алды. Бұл іс жергілікті тұрғындар арасында үлкен резонанс тудырды.

Көп оқылғандар