Сурет: Depositphotos.com
АҚШ 3 тамыздан бастап 50 елдің азаматтарына қатысты тұрақты визалық кепілақы талап етуді енгізеді. Бұл тізімге Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кірген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, бұл талап іскерлік және туристік B-1/B-2 визаларын рәсімдейтін, визалық режимді жиі бұзған елдердің азаматтарына қолданылады.
«Консулдық қызметкерлері өз қалауы бойынша виза беру шарты ретінде өтініш берушіден 20 мың долларға дейін кепілақы төлеуді талап ете алады», — делінген Мемлекеттік департаменттің жаңартылған хабарламасында.
АҚШ билігі бұл шара арқылы визаларды заңсыз пайдалану және елде рұқсат етілген мерзімнен артық қалып қою жағдайларын азайтуды көздеп отыр.
Бұған дейін бұл 50 елдің тізіміне Қазақстан кірмейтіні туралы хабарлаған едік.
Мазмұнға өту
