Әлем

АҚШ-тың Индиана штатында дауылдан алты адам қаза тапты

Сурет: видеодан скриншот

АҚШ-тың Индиана штатында тропикалық дауыл салдарынан алты адам қаза тапты. Қаза тапқандардың арасында төрт жасар бала бар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ABC News деректеріне сәйкес, табиғи апат өңірге үш күн бұрын соққан. Содан бері нөсер жаңбыр толастамай, жергілікті өзендердің бірі арнасынан тасып кеткен.

Оннан астам округте төтенше жағдай режимі жарияланды. Қазір зардап шеккен аудандарда тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ табиғи апат салдарынан 150 мыңға жуық тұрғын электр жарығынсыз қалған. Құтқару және эвакуация жұмыстары жалғасып жатыр.

Көп оқылғандар