АҚШ-тың Сан-Диего қаласындағы ірі ислам орталығында қарулы шабуыл болды. Салдарынан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қаза тапқандардың арасында шабуыл жасады деген күдікті де бар. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бұл – АҚШ-тағы мешіттерге жасалған ауыр шабуылдардың бірі. Жергілікті билік оқиғаны терроризм актісі деп бағалап отыр.

