Әлем

АҚШ-та жас қыздарға зорлық көрсеткен фотограф 40 жылға сотталды

Сурет: ашық дереккөз

АҚШ-та 59 жастағы фотограф Роберт Кестер жас модельдер мен кәмелетке толмаған қыздарға қатысты бірнеше рет жыныстық сипаттағы ауыр қылмыс жасағаны үшін 40 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметінше, Роберт Кестер модельдік бизнестегі тәжірибесін пайдаланып, қыздарға мансаптық мүмкіндік уәде ету арқылы фотосессияларға шақырған. Кейін оларға алкоголь мен есірткі ұсынып, ес-түссіз күйге түскен кезде зорлық-зомбылық жасаған.

Айыптау тарапының дерегіне сәйкес, ол кейбір жәбірленушілерге гамма-оксимай қышқылын (GHB) беріп, оларды есінен тандырған. Одан кейін жыныстық зорлық көрсетіп, ұрып-соғып, болған оқиғаны бейнекамераға түсіріп отырған. Жәбірленушілердің арасында 15 жастағы кәмелетке толмаған қыздар да болған.

Тергеу барысында құқық қорғау органдары сотталған адамның үйінен мыңдаған фото мен бейнежазбаны тәркілеген. Анықталғандай, олардың бір бөлігін ол сатып отырған. Кейбір жәбірленушілер Кестер кейін өздерінің қатысуымен түсірілген видеоларды көрсетіп, келемеждегенін айтқан.

Фотограф 2018 жылдың қараша айында ұсталған. Сот процесі аяқталғаннан кейін оған 40 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ФБР-дің арнайы агенті Дуг Олсонның айтуынша, айыптау үкімінің шығуына жәбірленушілердің батылдық танытып, болған оқиға туралы куәлік беруі шешуші рөл атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда қызды зорлаймын деп қорқытқан ер адам 30 тәулікке қамалғанын хабарлаған едік.

Көп оқылғандар