Categories Әлем

АҚШ-та ұсталған қазақстандық кепілмен босатылды

Сурет: ICE

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін АҚШ-тың Көші-қон және кедендік бақылау қызметі (ICE) Еламан Балтагерейді ұстағанын мәлімдеген еді. Ведомствоның ақпаратынша, ол АҚШ-та заңсыз жүрген. Көші-қон соты 2025 жылдың жазында оны елден шығару туралы шешім қабылдаған, алайда Балтагерей сот отырысына келмеген.

Министрдің айтуынша, Қазақстан тарапы заң аясында қажетті көмек көрсетеді.

«Біз заңнамада көзделген шеңберде көмек көрсетеміз. Әрине, тағы да қайталап айтамын, тергеу әрекеттеріне араласуға құқығымыз жоқ. Мұндай айыптаулар бар екенін білеміз. Қазір ол кепілмен босатылды. Бұл белгілі бір деңгейде үміт ұялатуы мүмкін», деді Ермек Көшербаев.

Министр сондай-ақ Қазақстан азаматының адвокат жалдауға құқығы бар екенін атап өтті. Еске сала кетейік, АҚШ тарапы отандасымызды терроризмге қатысы бар деп танылған немесе осындай күдікке ілінген тұлға ретінде ұстаған болатын.

Ұқсас жазбалар

Таиланд визасыз режимді 60 күннен 30 күнге қысқартты: себебі қандай?

Таиланд билігі шетелдіктер үшін визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге қысқартты. Бұл шешім туризмді…

Қазақстандық ғалым ғылымға жаңа бактерия түрін енгізді

PhD Серік Бакиев пен әріптестері бұрын белгісіз болған жаңа бактерия түрін анықтады.

Израильдің Ливанға жасаған шабуылынан 4 адам қаза тапты

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі Набатия ауданына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасап, кемінде 4 адам қаза…