Әлем

АҚШ-та қытайлықтарға грин-карта алу үшін мыңнан астам жалған неке ұйымдастырылған

Сурет: Egemen Qazaqstan

АҚШ-та қытай азаматтарына грин-карта алуға көмектесу үшін құрылған жалған некелердің ең ірі желісі анықталды. Бұл туралы АҚШ Әділет министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Схеманы ұйымдастырды деген 11 адамға айып тағылды. Тергеу деректері бойынша, олар мыңнан астам жалған неке қиюға қатысқан. Мұндай қызметтің бағасы 100 мың долларға дейін жеткен. Бұл сомаға ұсыныс жасау сәтінің фотосы, үйлену тойының фотосессиясы және иммиграциялық сұхбатқа дайындық бойынша нұсқаулық кірген.

Жалған некеге келіскен АҚШ азаматтарына той үшін 30 мың долларға дейін төленген. Некелер тек АҚШ-та ғана емес, Қытайда да қиылған.

Биыл ақпанда АҚШ-та қытай азаматтарымен жалған неке ұйымдастырудың тағы бір схемасы әшкереленген. Алайда ол кезде тек америкалық әскери қызметшілер тартылған. Олардың жұбайлары иммиграциялық мәртебе алумен қатар, әскери нысандарға кіруге мүмкіндік алған.

Көп оқылғандар