Әлем

АҚШ-та Қазақстан азаматы терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды

Сурет: Instagram ICEGOV

АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) 5 маусымда арнайы операция кезінде Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейді ұстады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ICE дерегінше, өткен жылдың жазында АҚШ иммиграциялық соты қазақстандықты елден депортациялау туралы шешім шығарған. Бірақ ол сот отырысына қатыспаған.

Ведомство мәліметінше, ер адам террорлық әрекетке қатысы болуы мүмкін деген күдікпен қамауға алынған. Сондай-ақ оған қатысты АҚШ аумағынан шығару туралы түпкілікті шешім әлі күшінде.

Көп оқылғандар