Әлем

АҚШ соты Трамптың Ақ үйді қайта құру жоспарына тыйым салды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Вашингтондағы федералды апелляциялық сот Ақ үйдің тарихи Шығыс қанатын бұзып, жаңа бал залы салуды көздейтін 400 млн долларлық жобаны уақытша тоқтату туралы шешімді күшінде қалдырды. Бұл жоба Конгрестің мақұлдауынсыз жүзеге асырылмақшы еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Судьялар президенттің Ақ үйді өз қалауынша қайта құруға шексіз өкілеттігі жоқ екенін атап өтті.

«Әр президент — Ақ үйдің уақытша тұрғыны ғана, оның иесі емес», делінген сот шешімінде.

Дональд Трамп бұл шешімді «ұлттық масқара» деп бағалап, істі АҚШ Жоғарғы сотына жеткізетінін мәлімдеді.

Көп оқылғандар