Сурет: istockphoto.com
АҚШ шілде айында Сауд Арабиясынан мұнай импортын толық тоқтатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Энергетика министрлігінің дерегінше, жыл басында Америка тәулігіне 800 мың баррельден астам саудиялық мұнай сатып алған. Алайда Вашингтон мен Тегеран арасындағы қақтығыс салдарынан жеткізілім көлемі нөлге дейін төмендеген. Бұған мұнай нысандарының зақымдануы мен Ормұз бұғазының жабылуы әсер еткен.
Осы кезеңде АҚШ-тағы мұнай өңдеу зауыттары шикізаттың балама көздеріне көшіп, отандық WTI жеңіл мұнайын өңдеуді арттырған. Сонымен қатар АҚШ Венесуэладан мұнай импортын көбейтті. Жеткізілім көлемі тәулігіне 100 мың баррельден 600 мың баррельге дейін өскен.
Kpler талдау орталығының бағалауынша тамыз айында Сауд Арабиясынан АҚШ-қа мұнай жеткізу қайта жанданып, тәулігіне 300 мың баррельге дейін жетуі мүмкін.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ пен Иранның уақытша бітімі аясында мұнай бағасы 4%-ға төмендеген болатын.
Мазмұнға өту
