Сурет: Ақорда
Республика күніне орай Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан құттықтау жеделхаты келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дональд Трамп өз жеделхатында соңғы бір жылда екі ел арасындағы серіктестіктің тереңдей түскенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан бастап, екі жаққа да пайдалы маңызды коммерциялық келісімдерге дейін қамтылған.
«1991 жылы халықаралық аренада Қазақстанды егемен ел ретінде бірінші болып Құрама Штаттар таныған болатын. Сондықтан еліңіздің тәуелсіздігі мен егемендігін және аумақтық тұтастығын әрдайым қолдаймыз. Қазақстанның таңғаларлық экономикалық табыстарына америкалық компаниялар да зор үлес қосып келеді. Елдеріміз арасындағы берік достық ұзақ жылдарға жалғасатынына сенімдімін. Желтоқсан айында өтетін G20 саммиті аясындағы кездесуді асыға күтемін», деп жазды Дональд Трамп.
Айта кетейік, ұлттық мереке қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен де құттықтау жеделхаттары келіп түсті.
Мазмұнға өту
