Сурет: Egemen Qazaqstan
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздер 3 тамызда басталатынын мәлімдеді. Тараптар Ормұз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігі мен Иранның ядролық бағдарламасын талқылайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Трамптың сөзінше, келіссөздер дипломатиялық форматта өтеді. Ормұз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігі және Иранның ядролық бағдарламасы негізгі тақырыптардың бірі болады.
– Ертең түстен кейін келіссөздерді бастаймыз. Бұл диалог форматында өтеді, – деді АҚШ президенті.
Ол дипломатиялық жолдың шиеленістің одан әрі ушығуына жол бермейтініне үміт білдірді.
– Мен дәл солай болғанын қалаймын. Бұл көптеген адамның өмірін сақтап, айтарлықтай күш-жігерді үнемдеуге мүмкіндік береді, – деді Трамп.
Сондай-ақ АҚШ басшысы бұған дейін Иранға қарсы ауқымды соққы жасау мүмкіндігі қарастырылғанын, алайда бұл жоспар жүзеге аспағанын еске салды.
АҚШ пен Иранның уақытша бітімі мұнай бағасын 4%-ға төмендетті. Оның айтуынша, Иран билігі мұндай сценарийге қарсы болған. Сонымен қатар Сауд Арабиясы да тараптардың келісімге келуіне мүдделі болып, мәмілеге қол жеткізуге мүмкіндік жоғары деп есептеген.
Алдағы келіссөздердің басты мақсаты – Ормұз бұғазындағы теңіз қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Иранның ядролық бағдарламасына қатысты өзекті мәселелерді талқылау.
Мазмұнға өту
