Американың Кейп-Код мүйісіндегі әуежайда Bearhawk LSA-8X маркалы жеңіл моторлы ұшақ қону кезінде аударылып кетті. Ұшқыш аман қалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрлардан ұшақтың қону жолағына тиген сәтте теңгерімін жоғалтып, аударылғаны көрінеді.
Құтқару қызметтері оқиға орнына жедел жеткен. Ұшқышқа алғашқы көмек көрсетілген. Қазіргі уақытта апаттың нақты себебі анықталып жатыр.

