Categories Саясат

Ақбөкен мүйізін заңсыз сақтағандарға жаза қатайды: Мәжіліс өзгерістерді мақұлдады

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда ақбөкен мүйіздерін заңсыз сақтау мен тасымалдау үшін жауапкершілік күшейді. Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы мен кәсіпкерлікке қатысты заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа түзетулер бойынша, ақбөкен мүйіздерін заңсыз жинау, сақтау, өткізу және тасымалдау енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұрын мұндай әрекеттер тек әкімшілік жазаға ғана әкелетін.

«Енді ақбөкен мүйізін заңсыз айналымға шығарғандарға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған. Бұл – браконьерлікпен күрестегі маңызды қадам», – деді Мәжіліс депутаты Серікқалиев.

Заң жобасы кәсіпкерлерге де қатысты. Енді ақбөкен мүйізін заңды түрде сақтау үшін арнайы рұқсат алу міндеттеледі. Рұқсатсыз сақтау мен тасымалдау қылмыс санатына жатқызылады.

Айта кетейік, ақбөкен популяциясын қорғау – Батыс Қазақстан өңірі үшін өзекті мәселе. Жайық өңірінде браконьерлердің кесірінен ақбөкен саны күрт азайып кеткен еді.

Ұқсас жазбалар

Неміс депутаттары жалақыны көтеруден бас тартты

Бундестаг 2026 жылы парламент депутаттарының жалақысын көтеру жоспарынан бас тартады. Билеуші фракциялар бюджет қысымы кезінде…

Ым-ишара тіліне мемлекеттік мәртебе беру ұсынылды

Respublica партиясы ым-ишара тілінің мәртебесін заң жүзінде бекітуді ұсынды. Депутат Екатерина Смолякова білім, құқық қорғау…

Қайталанған сталкинг үшін бас бостандығынан айыру жазасы енгізіледі

Ішкі істер министрлігі сталкинг жасағаны үшін сотталған адамның жәбірленушіні қайтадан қудалаған жағдайларында жазаны қатаңдатуды ұсынып…