Сурет: Центр «Амурский тигр»
Ресейдің Приморье өлкесінде Амур жолбарысы үңгірге кіріп, неміс фотографы Саша Фонсеканың қымбат фототұзағын алып кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жыртқыштың камераны «ұрлаған» сәті «Амур жолбарысы» орталығы жариялаған бейнежазбаға түсіп қалған. Жабдықты іздеу жұмыстары жүргізілген. Кадрлардан жолбарыстың камераға қызығушылық танытып, оны үңгірден алып шыққаны анық көрінеді.
Естеріңізге салайық, Ресейден әкелінген Амур жолбарысы қазақ даласына жіберілді. Үміт есімді аналық жолбарыс қазір «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында жаңа мекеніне бейімделіп жатыр. Табиғатқа жіберілер алдында мамандар оның денсаулығын, аңшылық қабілетін және мінез-құлқын жан-жақты тексеріп, тәулік бойы бақылауға мүмкіндік беретін GPS/GSM спутниктік қарғыбауын таққан.
Мазмұнға өту
