Әлем

Алтын Орда туралы бірегей архив құжаттары алғаш рет көпшілікке ұсынылды

Астанада өткен халықаралық ғылыми симпозиум аясында Алтын Ордаға қатысты бұрын-соңды көрсетілмеген архив құжаттары таныстырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі ретінде: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты шарада ғалымдар мен архив мамандары бірігіп, сирек кездесетін деректерді жинақтаған.

Бұл құжаттар – Алтын Орданың саяси құрылымы мен мәдениеті туралы тың ақпарат береді. Енді зерттеушілерге жаңа мүмкіндік ашылды, – деді симпозиум ұйымдастырушыларының бірі.

Көрмеге қойылған материалдар арасында еуропалық және азиялық архивтерден алынған жазбалар, карталар мен дипломатиялық хаттар бар. Олардың көпшілігі бұған дейін тек мамандарға ғана қолжетімді болған.

Көп оқылғандар