Сурет: istockphoto.com
Испанияның Viajar туристік журналы Қазақстан туралы арнайы материал жариялап, Алматыны Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың бірі ретінде атады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Басылым авторлары Алматының Іле Алатауының баурайындағы көркем табиғаты мен дамыған туристік инфрақұрылымына оң баға берген. Сондай-ақ шетелдік журнал редакциясы елдің бай мәдени мұрасы мен белсенді демалысқа арналған мүмкіндіктерін жоғары бағалаған.
Алматы қаласының Туризм басқармасы шаһардың шетелдік басылымдардың назарына ілігуі халықаралық туристік имиджін нығайтып, Еуропа елдерінен келетін туристер санын арттыруға оң ықпал ететіндігін атап өтті.
Мазмұнға өту
