Сурет: ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Алматы әуежайында шетел азаматтарының жүгінде косметикалық өнімдердің астына жасырылған 32 келіден астам есірткі табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әуежайдың шекара қызметі Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген рейстерде Қазақстанға аса ірі көлемде есірткі тасымалдаудың үш әрекетіне жол бермеді.
Шетелдіктердің багажын тексеру барысында косметикаға ұқсас ыдыстардың ішінен марихуана, каннабис шайыры және гашиш майы анықталды.
Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 32 келіден асты.
Іс құжаттары тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жіберілді.
