Көп адам «аллергияға қарсы дәрілер уақыт өте келе әсерін жояды, себебі ағза оған үйреніп кетеді» деп есептейді. Алайда аллерголог Арай Батырбаева бұл пікірдің қате екенін мәлімдеп, дәрінің неге көмектеспей қалатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Дәрігердің айтуынша, антигистаминді препараттарға ағза үйренбейді. Егер дәрі-дәрмек көмектеспей жатса, оның себебі мүлдем басқада болуы мүмкін.
«Егер дәрі әсер етпесе, онда оның мөлшері дұрыс таңдалмаған немесе препарат тобы аурудың асқыну деңгейіне сай келмейді. Пациенттердің ең үлкен қателігі – аурудың себебін емдеудің орнына, тек симптомды басатын дәрімен өз бетінше емделу», – дейді маман.
Сол себепті тиімді нәтижеге жету үшін емдеу схемасын әр адамға жеке таңдау керек. Өз бетінше емделу ауруды асқындырып жіберуі мүмкін.
Фото: Әлеуметтік желіден

